Өлең, жыр, ақындар

Бес белес

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2077
Ашып тұрмын алтыншы ондық есігін,
(Еміс-еміс естілді елге есімім).
Деген сөз бар «ердің жасы екі елу»,
Ортасына келдім өмір көшінің.
Дей алмаймын - жолым бірден ашылды,
Тауға соқтым, тасқа соқтым басымды.
Сыйлағандар еңбегімді сыйласын,
Бұлдамаймын жеткен осы жасымды.
Бәзбіреудей айла-шарғы іс қылып,
Танытпадым «күштілік» пен «тістілік».
Мice тұтып азаматтық ақ жолын,
Мансабыңа қарамадым пысқырып.
Жасырмаймын - ыссы менің мінезім,
Отауызбен талайларды «түзедім».
Зиян-пайдам бірдей тиген болар-ау,
Бұл арада несін оның тіземін.
Ұтылмайтын жерлерде көп ұтылдым,
Тұтылмайтын жерлерде көп «тұтылдым».
Тағдыр қанша талқысына салса да,
Қашқан кезі болған емес құтымның.
Сайран салып жүруімнің бар мәні,
Бөрімін мен! Және соның арланы!
Жамбыл жастың өткізіппін жартысын,
Қалай болар екен енді аржағы?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аманат

  • 0
  • 0

Жылдар, жылдар шарқайрақтай зырлаған,
Күш-қуатты бірте-бірте «ұрлаған».
Алыстатып жастық шақтың ауылын,
Кәрілікке жақындатқан бір қадам.

Толық

Мешейім

  • 0
  • 0

Кеп қалған сезім селін жасқамадым,
Тағы да ауыл жыры бастағаным.
Мен туған Мешей деген бір ауыл бар,
Сыртында Каменканың - Таскаланың.

Толық

Адамда...

  • 0
  • 0

Атар-ау алдан жарық таңымыз,
Үйқылы-ояу жатқапдаймыз әлі біз.
Көпті көрген қариялар не дейді,
Қалай болып бара жатыр халіміз?

Толық

Қарап көріңіз