Өлең, жыр, ақындар

Қияқтар

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 273
Сусылдап, сыбырлап, қияқтар,
Жаныма сыр ақтар, күй ақтар.
Әлемнің тылсымын ұғатын
Менде де жүрек бар, құлақ бар.
Желменен майысып, солқылда,
Өзіңмен құшағым толсын да.
Алыстан қарасам, өрілген
Ұқсайсың бір жойқын толқынға.
Көгімді қиялдың жолы ғып,
Қалдым ғой арманға жолығып.
Қойныңды аш, көк шалғын қияқтар,
Кетейін бір ғана шомылып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірге жылап келмей, күліп келдім

  • 0
  • 0

Өмірге жылап келмей, күліп келдім,
Сәуледей бетіндегі тұнық көлдің.
Басынан адамдардың бақыты асса,
Бақытты болармын деп үміттендім...

Толық

Сені көріп айрылдым бар еріктен

  • 0
  • 0

Сені көріп айрылдым бар еріктен,
Сенің сөзің мұз жанымды еріткен.
Сұрау салып қыр соңыңнан қалмаспын,
Қайда барсаң, көлеңкеңдей еріп мен...

Толық

Төбемнен төңкерілген аспан кеуде

  • 0
  • 0

Төбемнен төңкерілген аспан кеуде,
Келеді ай дөңгелеп Асқар белге.
Жарасқан егіз әлем үндес тілмен,
Жұлдыздар түнгі шамдай шашқан жерге.

Толық

Қарап көріңіз