Өлең, жыр, ақындар

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 331
Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі,
Енді біліп отырсың ба, Сен мұны?
Көз ашқаннан жоқтық көрген баланың -
Шырқыраған шығар шықпас енді үні.
Қорған бұзып... қолға қонар қандай бақ,
Қанат жайып келеді аппақ таң жайлап.
Көк аспанға терезеден қарайды, ол -
Жүрек жалғар, бір жапырақ нанды ойлап.
“Тағдырды ” осы... тойған біреу шеше ме,
Дейді, көрсе, “пешене” ғой, “пешене”.
Қалай өлең жазады ақын көз сатып -
Азып-тозып жүрсе арулар көшеде?..
Қаңтарылып қалды қиял, желқайық,
Адамдардың ақ жүзінен әр тайып.
Жарық дүние жасарудың орнына,
Қауіптенем, бара ма деп қартайып?...
Біреу олай, біреу былай, белгілі,
Құпия емес, есептеулі “кеңдігі”.
Ертелі-кеш егеп, жаншып жүйкені -
Жүрегімді ауыртады “ел” мұңы.
Ұқсайды өмір, тастан құйған мүсінге,
Бір тамшы су тегін бермес, ішуге.
Қолдан-қолға Домалайды сырғанап,
Ала Дүние, ала дорба ішінде...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспанға арыз

  • 0
  • 0

Жұлдыздарға мұң шағып ержетіп ем,
Ой талбесік...түн бойы тербетілем.
Адамзатқа қоршаған риза болмай,
Арыз жаздым аспанға жер бетінен.

Толық

Ас беріп жатыр

  • 0
  • 0

Ас беріп жатыр,
«аруақ» үшін елімде,
Айып етпе, келіп тұр аз сөз көңілге.
Аға, маған алқа бермей, қамшы бер,

Толық

Менің даусым

  • 0
  • 0

Жаңбырын, ақ шуағын құйып кеуде,
Жыр бағын сыйға тартсам сүйікті елге.
Сол бақтан үнім тарап кеңістікке,
Дауысым жетсе менің биіктерге!

Толық

Қарап көріңіз