Өлең, жыр, ақындар

Күндерменен ақ сағым сырғанармын

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 284
Күндерменен ақ сағым сырғанармын,
Сырғанармын, сол күнмен бір жанармын.
Елеңдетіп жанымды түнгі көктен,
Даусы келер құлаққа тырналардың.
Құстар әні келеді түнгі көктен,
Күткен едім осынау үнді көптен.
Бұл дауысты жанымнан сезбегелі
Қанша уақыт дариғай, жылжып өткен.
Осы емес пе көңілдің от тілегі,
Үміт, арман үн болып көк тіледі.
Түнгі көктен естілген талып қана
Құстар әні оятып кетті мені...
Бей уақытта ұшқан-ау күндіз қалып,
Ұшпай біз де осылай жүрміз нағып.
Тізіп моншақ қатары бара ма екен,
Түнгі көкке қанаты жұлдыз қағып...
Сағынып ем осынау үнді көптен,
Бір жүрекке жол тартқан бір жүректен.
Тырналардың дауысы талып маған
Естілгендей болады түнгі көктен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жассың дедің

  • 0
  • 0

Жассың дедің.
я, мен жаспын әлі,
Болам кейде жайлаудың жас құрағы.
Маза бермей күн-түні көкірегімнен –

Толық

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан

  • 0
  • 0

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан.
Көңілдің айықтырып бұлтын басқан.
Кеудемде сайрағандай шыр-шыр етіп,
Даланың бозторғайы бір тынбастан.

Толық

Ақ шапанын қайтер екен тау енді

  • 0
  • 0

Ақ шапанын қайтер екен тау енді,
Көшпелі бұлт кернеп кетті әуемді.
Тамылжытты көктем құсы тамшыдай
Мен айтсам-ау деген сыршыл әуенді.

Толық

Қарап көріңіз