Өлең, жыр, ақындар

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 215
Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан.
Көңілдің айықтырып бұлтын басқан.
Кеудемде сайрағандай шыр-шыр етіп,
Даланың бозторғайы бір тынбастан.
Жеткізбес желге мініп өмір қусаң,
Қыры бар құпиялы көңілдің сан.
Жазықта шаңқай түскі шайқалып тұр,
Қайталап ырғағымды қоңыр жусан.
Жуғандай сол дауыспен көзімді шық,
Бұлқынып, аласұрам, төзім қысып.
Арман не, аспаныма сіңіп кетсем,
Алқызыл арман құшып, сезім құшып.
Басынан кеткендей-ақ бір күн өтіп,
Кішкентай көмейінен жыр дүр етіп.
Сайрайды бозторғайым шаңқай түсте,
Ауада қанаттары дір-дір етіп.
Төменге тігіп қойып көз жанарын,
Арқау боп әуеніне азғана мұң.
Кеудеме кіріп алып ән салғандай,
Титімдей бозторғайы боз даланың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еңкіш емес, емендей түзу едің

  • 0
  • 0

Еңкіш емес, емендей түзу едің,
Байқамадым, қонғанын жүзіңе мұң.
Құдіреттім-ау, бұл күнде өзің тұрмақ,
Басып кеткен тең келер ізіңе кім?!

Толық

Уақыт дария, тасып, тұнады

  • 0
  • 0

Уақыт дария, тасып, тұнады,
Өртеніп, іштен ғашық тынады.
Арман-ау,
Саған асықпаймын десем,

Толық

Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам

  • 0
  • 0

Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам,
Өмір – теңіз, толқынымен шайқалам.
Саған деген сезім гүлі қалғыған
Көзін ашып келе жатыр қайтадан...

Толық

Қарап көріңіз