Өлең, жыр, ақындар

Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 404
Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын.
Көп адасып, өзіңді тапқандаймын.
«Сенен өзге ешкімді сүймедім» деп,
Ант ішпеймін, алдыңда ақталмаймын.
Өршіткендей төзімнің өртін бір шың,
Қыл ішегін сезімнің шертіп жүрсің.
Жүрегімнің жалынын сатып саған,
Жалынбаймын, жанбасаң еркің білсін.
Таң алдында татып ап тұнған удан,
Жанып-күйіп жалықтым жынданудан.
Сүйе алам ба, басымды матап, байлап,
Махаббатқа қорықпай құл болудан.
Өткенді ойлап, оңаша толғанамын,
«Өмір өзен» арнасы толған ағын.
Көзім менің мілінер көкжиекке,
Батар күннің сіміріп соңғы алауын....



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Гәкку» – Күләш

  • 0
  • 0

Ән – өмір, сенсіз, тегі бүр ашпас ем,
Есіме «Гәкку» түсер Күләш десем.
Күләшсіз аққу әні жайып қанат,
Көгілдір көкжиекке ұласпас ең…

Толық

Уақыт дария, тасып, тұнады

  • 0
  • 0

Уақыт дария, тасып, тұнады,
Өртеніп, іштен ғашық тынады.
Арман-ау,
Саған асықпаймын десем,

Толық

Көпір

  • 0
  • 0

Ескі көпір, жағалауды жалғаған,
Сықыр-сықыр, ойбай салып, зарлаған.
Өтіп кетіп барады өмір үстінде,
Таңба болып, кімнің ізі қалмаған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар