Өлең, жыр, ақындар

Жасыл көктем, барасың сырғып қайда

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 231
Жасыл көктем, барасың сырғып қайда,
Жазық белес мендегі сырды ұқпай ма.
Жасыл аспан бояулы жасыл дүние,
Жастығыма бір қадам жылжытпай ма?
Шыға алмадым алдыңнан жырлар оқып,
Қырларыңнан құшағым гүл дәметіп.
Қуанышым шуақты, қайран көктем,
Жылдам кеп пе ең, барасың жылдам өтіп.
Жасыл көктем, еліме бел баласың,
Көмкеретін дәнменен кең даласын.
Дүниеге келгелі өзім көрген,
Ең бір сұлу көктемім сен боласың.
Уақыт – қанат, жеткізбес ұшқан желді,
Күшейіп кеп әлсіреп құшқан белді.
Туған күнін тойлауға бір перзенттің,
Қаншама рет бұл жаққа құстар келді.
Көктем, кетіп барасың, қоштасалық,
Кәріге мұң әкелдің, жасқа шабыт.
Жер – дүние жаңғырып түлеп жатыр,
Тірлігіңді қайтадан еске салып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт озар, уақыттан кешікпеген

  • 0
  • 0

Уақыт озар, уақыттан кешікпеген,
Кешікпеген ғарышқа «көшіпті өлең».
Мен дүниеге келгеннен бері қарай,
Көздің жасын үн-түнсіз кешіп келем.

Толық

Тамыр

  • 0
  • 0

«Тамыр» деймін, тамыры бар жыр атын,
Тоғыстырып арман үміт, мұратын,
Кіші-гірім ұқсап шулы вокзалға,
Мен туған үй жол үстінде тұратын...

Толық

Көп нәрсенің керегі жоқ маған, шын

  • 0
  • 0

Көп нәрсенің керегі жоқ маған, шын,
Біреу күліп, бәлкім біреу тағар сын.
Қызғаныштан тарылып бір қараймай,
Адамзаттың көңілі сүттей ағарсын.

Толық

Қарап көріңіз