Өлең, жыр, ақындар

Тірлікте пенде бар ма мұңсыз өткен

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 260
Тірлікте пенде бар ма мұңсыз өткен,
Мұңсыздық, бір басыңды құнсыз еткен.
Сағаттай соғып тұрып тоқтап қалған,
Жырсыз өткен күндерім, үнсіз өткен!..
Өтеді кейбір күннің мысы басып,
Сезімнен кеуде керген, күшім асып.
Жаумаған сұрағанда жаңбырдайын,
Тұрады өткен күнге ішім ашып...
Сан күйге жан болған соң кезігесің,
Бұл өмір ыстық тартар көзіңе шын.
Алдында уақыттың үнсіз жүрсең,
Өзіңді кінәлідей сезінесің.
Жанартау жырлар қайда, атылатын,
Қайнатып асылдарын сапыратын.
Сезімді селт еткізбей, тек әйтеуір,
Жүрмейін бұлдап жұртқа ақын атын!..
Тірлікте пенде бар ма,
Мұңсыз өткен,
Мұңсыздық бір басыңды құнсыз еткен.
Жансыз бұлақ секілді ақпай қалған,
Жырсыз өткен күндерім, үнсіз өткен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш бала

  • 0
  • 0

Той-тойлаған... жоқ-барды елеместен,
Ұйып тұрған айрандай ел емес пе ем.
Бөлем деме, қазақты “жүзге” бөліп,
Үш баласы ол, бір үйдің ерегескен...

Толық

Арман күйі

  • 0
  • 0

Шертші тағы бір жанып, бір өшейін,
Сезімімді жеңе алмай күресейін.
Арман айлап - боздаған күй соңынан –
Бала ботаң болып мен ілесейін...

Толық

Қала шуақ аңсайды, дала шуақ

  • 0
  • 0

Қала шуақ аңсайды, дала шуақ,
(Жер анаға кімдердің жаны ашымақ)
Саусақтарын созады жапырақ сәби,
Жарық сұрап, су сұрап, ауа сұрап.

Толық

Қарап көріңіз