Өлең, жыр, ақындар

Арман күйі

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 339
Шертші тағы бір жанып, бір өшейін,
Сезімімді жеңе алмай күресейін.
Арман айлап - боздаған күй соңынан –
Бала ботаң болып мен ілесейін...
Көкейкесті сағыныш, өртеп үміт,
Көкірегімді саусағың шертеді іліп.
Дүние жалған айналып бір тамшыға,
Жанарымнан түскендей төңкеріліп.
Ақыл сана «сап», «сап» деп арада тұр,
Көзсіз сезім сүйрейді дара батыр.
Арман күйі жолсыз бір жапан-түзге,
Жіпсіз мені жетелеп бара жатыр...
Қарағанда көздерің шоқтай жанды,
Көбелек боп көңілім отты айналды.
Домбыраңды өтінем шертші тағы,
Бір пернеге саусағың жетпей қалды...
Арқамыздан түскендей ғаламат жүк,
Күй тілімен жалындап, алау аттық.
Көкейкесті сен шерткен көкейкескен –
Арманымды артайын аманат қып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жерім – бар менің, барасың ба?

  • 0
  • 0

Туған жерім – бар менің, барасың ба?
Баламас ел баласын дара шыңға.
Аяулымның ізі бар, аяғымның,
Қосағаш пен Қасқажол арасында.

Толық

Жер жыры

  • 0
  • 0

Ақ бесігім, тұрағым, кең мекенім,
Сен мені, мен де сені тербетемін.
Қате басқан шығармын талай рет,
Үстіңде бұл, шын болса пенде екенім.

Толық

Құрбым!

  • 0
  • 0

Құрбым!
Керегі жоқ маған сый, қошеметтің,
Айтпашы, атыма сөз еселеп тым.
Үрлеген уақыттар бар болғаны,

Толық

Қарап көріңіз