Өлең, жыр, ақындар

Ерке елік

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 442
Елеңдеп арман елігім,
Басында бұлақ жүр едің.
Айналып сүйді сені Күн,
Сезді ме, соны жүрегің?
Еркелеп мынау әлемге,
Толқындар күлді сыңғырлап.
Жұлдыздар ұқсап өлеңге,
Төгілді сәуле сырды ұрлап.
Жанары түндей ай жігіт,
Қалады неге, қаймығып?
Шашбаулы сағым-бұрымнан,
Қаламын демей айрылып.
Елігі еркін даланың,
Елігі толқын, бұлақтың,
Жалт еткен үркек жанарың,
Есте қап, ессіз ұнаттым.
Есімнен кетпей елік қыз,
Жүректі жұлдыз жылаттым.
Көңілім сенсіз көріксіз,
Келмейді түспен жұбатқым.
Елік – қыз, тұнық әлемім,
Армандап бақыт әуенін.
Сыңғырлы, сырлы бұлақтың,
Ішінен шыққан әдемі үн.
Қайда, сол қайда әлемім?
Елігі еркін даланың,
Елігі ерке бұлақтың.
Жаудырап жұлдыз жанарың,
Жалт етіп неге қарадың?
Қарауға қимай барамын.
Елігі ерке бұлақтың,
Кетпеші ұзап, жырақ тым.
Жалт етіп жанды жылаттың,
Жылатпай мені жұбатқын.
Мекенің жасыл қырат-қыр,
Кеудеңде толқып бұлақ сыр.
Шайқалмай, тұрған айта алмай,
Көзіңде нендей сұрақ тұр?
Жауапсыз жаның жылап тұр.
Жауапсыз жаным жылап тұр...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамсанам мына өмірді жаңа танып

  • 0
  • 0

Тамсанам мына өмірді жаңа танып,
Қиялым қанатты үннен қанат алып.
Кеткендей қас қағымдық көзіме бір
Жаңбырдың тамшысымен әуе тамып...

Толық

Басы айналып құлайды бақыттан кім

  • 0
  • 0

Басы айналып құлайды бақыттан кім,
Арманы бар әрбір кеш, ақық таңның.
Кәріліктің ізі емес, беттегі әжім,
Жолы болар өткен көп уақыттардың.

Толық

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға

  • 0
  • 0

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға,
Өткен күн айналғандай бәрі аңызға.
Қанша асу, қанша жылдар жатыр бөліп
Қамал боп екеуміздің арамызда.

Толық

Қарап көріңіз