Өлең, жыр, ақындар

Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 249
Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам,
Өмір – теңіз, толқынымен шайқалам.
Саған деген сезім гүлі қалғыған
Көзін ашып келе жатыр қайтадан...
Сені ойлаймын, жат көздерден ұрланып,
Сағынышпен жүрек гүлі бүр жарып.
Түнгі әлсіз сәулесімен аймалап,
Жалғыз жұлдыз тереземді тұр бағып...
Қиялымның болған емес тұрағы,
Өткен күндер ұмытылмай жүр әлі.
Кеудемдегі саған деген от сезім
Қараңғы үйді жарық қылып тұрады.
Сені ойласам жүрек жиі ұрады,
Өмірімнің сарқылмайтын жыр-әні.
Сені күтіп, мен отырған бөлменің,
Терезесі түнде алаулап тұрады...
Екеумізде бір-ақ сезім, бір ұғым,
Өз алдыңда тәкаппармын, ірімін.
Сен болмасаң, жақпайтындай жаныма
Қара теңіз жағалауы, Қырымың!
Саған қарай талпынған ол бала құс,
Бала құсқа арман көгі әлі алыс.
Сенсіз жерде менің күлкім күлкі ме,
Сенсіз жерде демалыс па демалыс!
Сенің көзің қыраннан да қырағы,
«Өмір – күрес» – өмірімнің ұраны.
Сүйем деген сөздің өзі өзіңе
Айту үшін әлсіз соғып тұрады...
Сүймегендер сүйгендерді жүр күндеп,
Мен соларды аяп тұрам «шіркін!» деп.
Саған деген қалғып кеткен сезім гүл
Көзін ашып келе жатыр біртіндеп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір деген бір өкініш, бір үміт

  • 0
  • 0

Өмір деген бір өкініш, бір үміт,
Мейлі, маған қарамғын бұрылып.
Қуанатын сәттерім бар ішімнен,
Құрдас болып туғандығың үшін мен.

Толық

Сыйлар... мейлі сыйламас

  • 0
  • 0

Сыйлар... мейлі сыйламас,
Біліп... мүмкін білмейді.
Деген, бабам, «Жиде ағаш -
Өз жерінде гүлдейді»...

Толық

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім

  • 0
  • 0

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім,
Талайды өкпелеттім, өкпеледім.
Ешкімге бақыт болып келмесем де,
Ешкімді сорлы етпесем деп келемін.

Толық

Қарап көріңіз