Өлең, жыр, ақындар

Қай жаққа, құйын көңлім, ала қаштың

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 382
Қай жаққа, құйын көңлім, ала қаштың,
Шабытқа шарапсыз-ақ шала маспын.
Жазықсыз жылап сәби жапырақтар,
Таласып төсін емер мама-ағаштың.
Киіп ап сап-сары ала күзден ішік,
Сыбырлап бір-бірімен жүз көрісіп.
Жамырап жапырақтар желқайықпен,
Тамырын тарап кетер іздеп, ұшып.
Қаталдық дің бойына дарымай түк,
Қыс өтсе... келер дей ме бәрі қайтып.
Жалаңаш жапырақсыз айдалада,
Ана ағаш солқылдап тұр зарын айтып...
Өткенін... көктем болып шақырамын,
Шақырсам, қайрылмайды “ақымағым”.
Іздеймін... төмен қарап топырақтан,
Іздеген ана-ағаштай жапырағын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Домбыра

  • 0
  • 0

Сен сөйлесең, қай қазақ данасынар,
Шанағыңнан шулайды дара шынар.
Бүкіл әлем төріне сиып кетер,
Домбырасы бар үйдің даласы бар.

Толық

Іздемейсің...

  • 0
  • 0

Іздемейсің...
Сен үшін өліп қалғам,
Сұлу көп қой, «кәрі әйел» болып па арман?
Жастығыммен қайтадан кездестірмей,

Толық

Көңілім менің

  • 0
  • 0

Көнбей баяу арна-ағысқа көңіл бір,
Өмірімнің табады екен емін жыр.
Қырау қабақ қыс айынан қар басқан
Алабұртам көктем іздеп көгілдір.

Толық

Қарап көріңіз