Өлең, жыр, ақындар

Шартарапқа жол секілді таралған

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 229
Шартарапқа жол секілді таралған,
Жазылады тарих ізі әр алуан.
Аңсап өткен күлкісін бір бақыттың,
Мен уақыттың көз жасынан жаралғам.
Көз жұмды әкем...
Осы күнді көп іздеп,
Ажырамас аспанмен жер егіз деп.
Қасіретті қара тасын ағызды -
Сол көз жасым күркіреген теңіз боп.
Кімге керек? жылағаным, күлгенім,
Ашылмайтын құпиям ғой бұл, менің.
Сансыз жарық жұлдыздарды санап көп,
Таңданады, күнде көрген Күнге кім
Жер бетінен не көрмеген аспаным,
Құбылады, арасында қас-қағым.
Тасқа тиген тамшыдай көз жасымды -
Бақытынан артық көрем басқаның...
Баба арманын, бір баламын түсінген,
Сол теңізден өз азығын құс ілген.
Өмірімді қияр едім... қиыннан -
Әрең жеткен, Еркіндігім үшін Мен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуанамын көгімде аман тұрса күн

  • 0
  • 0

Қуанамын көгімде аман тұрса күн,
Көзін ашқан еске түсіп гүл шағым.
Құрсағымнан шыққан балам кешегі
Кезіп жүр кең дүниенің құрсағын.

Толық

Жер - анаңмын

  • 0
  • 0

Асау арман, дегеніңе көнбейді,
Жүрген сайын, жүрісің бір өнбейді.
Ана жерге ораласың қайтадан,
Аспанға ұшып кетсең дағы сен мейлі.

Толық

Қасқа жол

  • 0
  • 0

Туған ауыл әр тасын,
Жамбасына жастап ол.
Төсеп күнге арқасын,
Жататын бір қасқа жол.

Толық

Қарап көріңіз