Өлең, жыр, ақындар

Ауа жетпей кейде бір алқынамын

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 261
Ауа жетпей кейде бір алқынамын,
Ондай кезде шығады салқын әнім.
Ғашық болып тағы да таңғы күнге,
Таңғы күндей биікке талпынамын.
Талпынамын тілеп бір халқыма күн,
Арқасы ғой халқымның шалқығаным.
Найзағайдың қорқып бір жасынынан,
Жас шыбықтай келмейді қалтырағым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағынышым сарғайған жат бағында

  • 0
  • 0

Сағынышым сарғайған жат бағында,
Орануда бұл жаным от-жалынға.
Тым-тырыссың, әлде әлі көкірегіңнен
Бір жылылық сен маған таппадың ба?

Толық

Ақбоз атпен ойқастап

  • 0
  • 0

Ақбоз атпен ойқастап
Күншығыстан таң атты!
Шұғыласын семсер ғып
Түн пиғылды жайратты!

Толық

Жер астынан табылған теңіз

  • 0
  • 0

Аспанында қалқып ұшқан жас қыран,
Аспанында қалқып ұшқан жастық ән,
Шалқар дария табылыпты бір теңіз,
Мен шыр етіп туған жердің астынан.

Толық

Қарап көріңіз