Өлең, жыр, ақындар

Өтер уақыт, замандар

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 331
Өтер уақыт, замандар,
Ұмытылмас қимас ән.
Мен ғашық болған адамдар,
Орман болар, жинасам...
Самал мені сүйе бер,
Арасынан ағаштың.
Шаршағанда сүйенер,
Еменімнен адастым.
Тонады бәрін ұры күз,
Түсіңе енер өлең қыз.
Бірімізге біріміз,
Әлі «жұмбақ» әлембіз.
Шертші сәулем, шекті үзбей,
Пернені бас, ақырын.
Бөлген талтүс... жеткізбей,
Арада алпыс шақырым...
Ғұмыр кештім ғасырлық,
Алдымда арман, ақ таңым.
Шағып жақтым, шашу ғып,
Жолға жүрек шақпағын...
Көре білу, өмір бір,
Көрмей жүрміз тек сені.
Көңілменен көгілдір –
Көкжиектің жоқ шегі.
Күнім батса, айым бар,
Айды ағызар, басқа арна.
Қанат қағар қайыңдар –
Ұшқысы кеп аспанға...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тым ертерек ағарса шашың, жарым

  • 0
  • 0

Тым ертерек ағарса шашың, жарым,
Мен оған кінәлімін, айыптымын.
Кеудеңдегі қызғаныш, ашуларың,
Сыртқа шықса сырларын жайып бүгін.

Толық

Гүл аузындағы жер шары

  • 0
  • 0

Бейбіт өмір тіршіліктің аңсары,
Жапырақ жайған сұлулықтың дер шағы.
Жалын-өртке жанып кетпей, үлбіреп
Гүл ашып тұр, гүл аузында жер шары.

Толық

Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен

  • 0
  • 0

Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен,
Толқындай ырғағыңмен табысар ем.
Қалқысын көңіл аппақ шағаладай,
Ашылып қарсы алдымнан алыс әлем.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар