Өлең, жыр, ақындар

Басына шығамын деп бір биіктің

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 382
Басына шығамын деп бір биіктің,
Түбіне түскендеймін тұңғиықтың.
Тағдырын қасіретті адамзаттың,
Көзінен көргендеймін сұр киіктің.
Ем таппай уақыт киік, жарасына,
Көз ілдім қиял атты таң асыра.
Өрт салып өмір бойы өтер ме, адам,
Ортақ үй, жер-аспанның арасына.
Жаралған жануарым, тұнық таңнан,
Еркелеп, еркіндікте қылықтанған.
Күміс күн аспанымен шыр айналып,
Көзінде тау-даласы тұрып қалған.
Әсемдік, қиял жетпес, биік арман,
Жолында таулар құлар, күйіп орман.
Жазықсыз жаудырап тұр ана киік,
Жанары «Арал» жасын құйып алған...
Арман боп киік-өмір барасың, ә,
Симастан аспан, жердің арасына.
Қасиетті адамзаттың қасіретін –
Құйғандай жанарыңның шарасына...
Бауырына бауыр басқан басқа ананың,
Жазықсыз жаны ма едің жас баланың?
Сұр киік, ажалыңа айыпкердей –
Қараудан жанарыңа жасқанамын...
Бір сәтте аласарып көгім биік,
Тартқандай өкінішпен көңіл күйік.
Өлімді елестетті көз алдыма –
Жебедей зуылдаған өмір-киік.
Әлемдік жалғап нәзік үмітке арман,
Еске алып махаббатты ұмыт болған.
Көрдім мен, сұлу кербез сұр киікті,
Көзінде мынау дүние тұнып қалған!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбоз атпен ойқастап

  • 0
  • 0

Ақбоз атпен ойқастап
Күншығыстан таң атты!
Шұғыласын семсер ғып
Түн пиғылды жайратты!

Толық

Қайда барып, қайдан мен жай табармын

  • 0
  • 0

Қайда барып, қайдан мен жай табармын,
Қайырмасы болдың сен айтар әннің.
Алабұртқан көңілмен, адасып көп,
Қазығыңа қағылған қайта оралдым.

Толық

Тірлікте пенде бар ма мұңсыз өткен

  • 0
  • 0

Тірлікте пенде бар ма мұңсыз өткен,
Мұңсыздық, бір басыңды құнсыз еткен.
Сағаттай соғып тұрып тоқтап қалған,
Жырсыз өткен күндерім, үнсіз өткен!..

Толық

Қарап көріңіз