Өлең, жыр, ақындар

Болады бір жеңілісім, жеңісім

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 262
Болады бір жеңілісім, жеңісім,
Өлең құсым араласын ел ішін.
«Қандай сыйлық алдың?» - деп сен сұрама,
Жарық күннен артық сый жоқ, мен үшін.
Баға қойып, мүмкін кінә тағарсың,
Өтірік күліп, өсек отын жағарсың.
«Қандай үйде тұрасың?» - деп сұрама,
«Азаттықтан» артық үй жоқ маған шын.
Періште емес, екі аяқты пендемін,
Пенделікпен, ғасырға аман келгемін.
«Жарың қандай, көрсетші?» деп өтінбе,
Сатып алған мүлкім емес, ол менің.
Машина ма? аңсамайды көңілім,
Ауыр жүк қып, алып жүрер мені кім?
Екі көзім ояу тұрған кезінде,
Ақсай басқан осы аяғым, көлігім...
Құлы емеспін, мансап пенен ақшаның,
Ақшасыз ақ үмітімнің жақ, шамын.
Отырғанда ұйқылы-ояу оңаша –
Өз ойыма өзім ие, патшамын!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер - анаңмын

  • 0
  • 0

Асау арман, дегеніңе көнбейді,
Жүрген сайын, жүрісің бір өнбейді.
Ана жерге ораласың қайтадан,
Аспанға ұшып кетсең дағы сен мейлі.

Толық

Түспейді сәуле күн жақтан

  • 0
  • 0

Түспейді сәуле күн жақтан,
Жұлдызым менің жүр жанбай.
Көңілсізбін, зіл батпан –
Еңсемді басып тұрғандай.

Толық

Арман ауыр, болғанмен күлкім жеңіл

  • 0
  • 0

Арман ауыр, болғанмен күлкім жеңіл,
Өтіп жатыр білдірмей бұл күндерім.
Сезім балын, ішкізіп қиял уын,
Сый алуым уақыттан мүмкін менің...

Толық

Қарап көріңіз