Өлең, жыр, ақындар

Кетті деме, ойын ойлап баланың

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 187
Кетті деме, ойын ойлап баланың,
Бала көңіл, болар кейде нала мұң.
Аяғыңды шағып алар байқатпай
Жылан жоқ. тас деп көшесінде
қаланың…
Өтірікпен өзін-өзі кім алдар,
Әрнәрсенің астарында күмән бар.
Есесіне –
көшесінде қаланың.
Өріп жүр ғой. адам өңдес жыландар..
Аш қаланың ашылмаған сыры әлі,
(Өміріне өрмекші тор құрады.)
Тас көшелі, қала жақтан жүзіме
Үрей үйіріп, суық бір леп ұрады.
Ертеңімнен үмітімді текке үздім,
Ұйқыменен өмірді көп өткіздім.
Даладан кеп, жалтақтаймын жол
таппай,
Арасынан жылуы жоқ көк мұздың…
Еріксізден, қабағыма қайғы алғам
Қорқыныштан тілім кейде байланған
Сен, мен арман еткен қала, ордалы
Жыландардың ұясына айналған…
Қызығымды қидым қиын жыр үшін,
Тіршіліктің шайқап төкпей ырысын
Күн астында, күн шығармас өзгеге
Құрысын тек, “күндестіктер” құрысын!”

16/I-1991 ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қол бұлғайды сынап қарап тау маған

  • 0
  • 0

Қол бұлғайды сынап қарап тау маған,
Таулар, таулар, орындарын даулаған.
Ақсақ Темір бола алмадым, дүниені –
Қылышпенен, ұрыспенен жаулаған...

Толық

Өңімде ойлап, түсімде көрем

  • 0
  • 0

Өңімде ойлап, түсімде көрем,
Еңсемді басып қорғасындай жыр.
Өзіңе деген ішімді өртеген,
Өмір ме екен, шөл басылмай жүр.

Толық

Сарғайып жатты көк белдер

  • 0
  • 0

Сарғайып жатты көк белдер,
Сарғайып келді көктемдер.
Сарғайып хаттар жазады,
Ауылдан сонда кеткендер.

Толық

Қарап көріңіз