Өлең, жыр, ақындар

Қиялымнан тартқандай көкпар ағын

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 223
Қиялымнан тартқандай көкпар ағын,
Ақтарамын, таулардың көк парағын.
Сағымданған дарияның құшағына,
Шомылғым кеп, үздігіп көп қарадым.
Кімді ойлаттың, тағдырым кімді аңсаттың,
Дәурені өткен, көбелек қуған шақтың.
Кірпігінен үзіліп Сара қыздың,
Жерге түскен мөлдіреп мұң, моншақпын.
Елестейді елес бала күннің,
Пенде болып мен неге жаратылдым?
Таусылғаны-ай, бойдағы тағатымның,
Жоқтығына қайғырып қанатымның.
Тіршіліктен тілеймін енді нені,
Көзің неткен сырлы еді, мөлдір еді?
Толқып тұр ем, басыңа көтеріп сен,
Күнге қарай ұшырғың келді мені.
Қабағымнан жанымды қарап, танып,
Қазынасын жатқандай тау ақтарып.
Ауылымнан шыққанда қанатсыз ем,
Бауырыңнан барамын қанаттанып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жамбыл тойы

  • 0
  • 0

Жамбыл десем елестеп тау қыраны,
Дауысымен жартастар жаңғырады.
Жамбыл тойы секілді өлең тойы,
Ал, жігітім, қолыңа домбыраны.

Толық

Үш бала

  • 0
  • 0

Той-тойлаған... жоқ-барды елеместен,
Ұйып тұрған айрандай ел емес пе ем.
Бөлем деме, қазақты “жүзге” бөліп,
Үш баласы ол, бір үйдің ерегескен...

Толық

Бола алмайсың ештеңеге енді алаң

  • 0
  • 0

Бола алмайсың ештеңеге енді алаң,
Алаң болған ел де аман, мен де аман.
Өмірде бір кездеспейтін «пәктік» деп
Қорғап, аяап қараушы едің сен маған.

Толық

Қарап көріңіз