Өлең, жыр, ақындар

Бақытты бола алмаспын қарызға алып

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 257
Бақытты бола алмаспын қарызға алып,
(Бала едім, келе жатқан қауыз жарып)
«Кем болар не жазығым бар еді» деп,
Жылағам жұлдыздарға арызданып.
Сұрамай тағдырымнан өзге асылды,
Иемін табиғатқа боз басымды.
Сәулесі шағылысып жұлдыздардың,
Кептірген сүйіп жұлдыз көз жасымды.
Өмірге неге сонша, кеш келіп ем,
Ой теңіз, естім сезім ескегімен.
Айналып аспан жүзін көшіп еді –
Ақша бұлт арасынан көш-керуен...
Дедім мен, тіл қатамын қалай, барып,
Таппадым өң бе, түс пе, сәл ойланып.
Аспаннан әртүрлі адам қол бұлғады,
Таңданып жерде тұрған мені айналып.
Алдандым, содан бері жандарға көп,
Бұрғандай алыстағы арманға бет.
Қас-қағым суретке сол қарай бердім,
Жерде емес, «аспанда да ел бар ма деп».
Қарызбын, шаңды кешкен бұл шағыма,
Гүл-шағым ғашық еткен Күн шарына.
«Жұлдыздар» көз жасымды көріп менің,
Аспанның бір жұлдызын жұмсады ма?
Қайдасың?
Елік күнім, ерке күнім,
Ұшқандай құсқа мініп өр көңілім.
Қарызбын мен өзіңе бала қиял,
Сендірген ертеңіне ертегінің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш

  • 0
  • 0

Туған жер, көрікті жер, ата мекен,
Нұр таңың қалай менсіз атады екен.
Өзіңді шын жүрекпен, қайда жүрсем,
Аяулы Ақсуым деп атап өтем.

Толық

Қарызбын саған

  • 0
  • 0

Қарызбын саған, туған ел,
Жұмғанша мәңгі көзімді.
Қарызбын саған,
нұрлы әлем,

Толық

Жар басында

  • 0
  • 0

Тәкаппарсың, сұстанып, керіп қабақ,
Толқын шашын табаны өріп, тарап.
Жар тұратын, жалықпай жүзін көріп,
Төбесінен өзеннің төніп қарап.

Толық

Қарап көріңіз