Өлең, жыр, ақындар

Жоғалдың қайда таңғы айым

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 277
Жоғалдың қайда таңғы айым,
Тартты екен сені думан қай?
Жазуға толып маңдайым,
Тағдырым тасқа туғандай.
Басылып қалды өр көңіл,
Жасырып «таңды» іштегі.
Өмірде сені көргенім,
Өңім бе, әлде түс пе еді?
Биігім тартас алас,
Келеді тәтті түс көргім.
Өтпелі сәтті оңаша,
Ойлаудан басқа не істермін?
Көктем еді, күз келді,
Өмірім өткен шөлге тең.
Жапырақ жауып іздерді,
Болмаған жолы мен бе екем?
Күйім бар, күйіп шерленген,
Шеріме жаңбыр өткінші ем.
Айым-ау аспан кеудемнен,
Адасып неге кеттің сен?
Жоғалдың қайда көктемім,
Оралмас қайтып бір күнің.
Жамайтын түрім жоқ менің,
Дүниенің жырмен жыртығын.
Қамайды түнді кірпігім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көп ұйықтап қалыппын...

  • 0
  • 0

Сағынамын, іздеймін, таба алмаймын
Алынбайтын әлсізге қамалдаймын.
Жастықпенен көбірек ұйықтап қалып,
Арманынан кешіккен адамдаймын.

Толық

Білмей тұрмын, жер қандай, аспан қандай

  • 0
  • 0

Білмей тұрмын, жер қандай, аспан қандай,
Жүрегімнің көзінен жас тамғандай.
Мынау жердің үстінде сен болмасаң,
Болар дүние қаңырап, бос қалғандай.

Толық

Аяғы сынған көгершінге қарап...

  • 0
  • 0

Көрмегенге әрі ертегі, әрі аңыз,
Көк көгершін тағдырыңды аядым.
Бір көшемен қатар ақсап барамыз,
Мен сияқты... сенің де оң аяғың...

Толық

Қарап көріңіз