Өлең, жыр, ақындар

Анаң сенің болады қатал қашан

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 290
Анаң сенің болады қатал қашан,
Ант берерсің күніне Отанға сан.
Мазам кетіп бір түрлі алаңдаймын,
Аптасына бір рет хат алмасам.
Асығарсың бітпеген істерге сен,
(Ақылыңмен күш берме, күш бермесең).
Сағыныштан сарғаям, өзің жайлы
Аптасына бір рет түс көрмесем.
Қиырларға талғандай қарап көзім,
Арман өзің, мен үшін талап та өзің.
Бала сүйген жердегі анаға тән
Сезімімді шектейді тағат-төзім.
Анаң қашан төзімге берік еді,
Осалдығы – сезімге ерігені.
Календарьдың әр бетін жыртқан сайын,
Ғасырдай боп әрбір күн көрінеді...
Сабырменен барлығын көтеруші ең,
Елестейсің көзіме жеке жүрсем.
Туған ұяң анаңнан алыстап бір,
Сағыныштың білдің бе не екенін сен?
Әрбір күннен күтерсің жаңа хабар,
Сенен үміт күтетін бар ағалар.
Отаны бір болған сон, ортақ болар
Бұл сағыныш ана мен балаға бар.
Қуаныштың таңы сол атар қашан,
Аман болсаң шығарсың сапарға сан.
Жапырақтай жүрегім қалтырайды,
Жапырақтай сенен бір хат алмасам...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешір, ана

  • 0
  • 0

Кімдер кетіп, бұл өмірге кім келеді,
Тірі жүрмін, өткеріп не күндерді.
Кешір мені, қайран ана, басыңа,
Құламайтын қоймаппын-ау бір белгі?

Толық

Қылығына сырттай налып

  • 0
  • 0

Қылығына сырттай налып,
«Сұлуыңа» сене көрме.
Аймалар ма ем, бұлтқа айналып,
Шыңға айналсаң сен егерде.

Толық

Көш

  • 0
  • 0

Көз ұшында бір белеңнен бір белең,
Жол шетінде бас шайқайды бүрлі емен.
Жотасына ғасыр теңін артып ап,
Заман атты көш барады дүрбелең.

Толық

Қарап көріңіз