Өлең, жыр, ақындар

Қайтсем де...

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2079
Ұнады ма алғашқы қадамдарым,
Ақтілеу тіледіңдер маған бәрің.
Талабыма өздерің тай мінгізген,
Айналайын, аулымның адамдары!
Тегеуріні, төзімі көпке шыдар,
Бір қарысқа жүз жылда өскен шынар.
Жеміс теріп бақшамнан жегізгенше,
Мүмкін, біраз жыл зулап өткен шығар.
Жиі-жиі түсіме енесіңдер,
Үсті-үстіне ақ бата бересіңдер.
Айлық жерге aт қосқан атбегідей,
Менен үміт әлі үзбей келесіңдер.
Азаматпын! Түсінем парызымды,
(Жүйрігіңнің енді-енді қаны қызды).
Сенім деген қарыз ғой - келемін мен,
Қайтарам деп, қайтсем де қарызымды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білсең, досым...

  • 0
  • 0

Мейлі, тағдыр салып қалсын маңдайдан,
Мойымаймын, көмейімнен тамбайды ән.
Тұрмағанмен жер тiтipeп, оқ борап,
Өмір деген білсең, досым, қан майдан...

Толық

Сәндібек Әлібековке хат

  • 0
  • 0

Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Жұмбақ жас - жетпісіңді алқымдадым.
Өлең кеп өзегімді өртегенде,
Шәйнектей газға қойған сарқылдадым.

Толық

Ән әсері

  • 0
  • 0

Қайтесің көмейіңде тізіп жүріп,
Шырқай түс әніңді, інім, үзілдіріп.
Қоштасқан көктеміммен табысайын,
Тұрғанда есігімнен күзім кіріп.

Толық

Қарап көріңіз