Өлең, жыр, ақындар

Кешір, ана

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1109
Кімдер кетіп, бұл өмірге кім келеді,
Тірі жүрмін, өткеріп не күндерді.
Кешір мені, қайран ана, басыңа,
Құламайтын қоймаппын-ау бір белгі?
Таныс аспан, тас төбемнен тұр төніп,
Топырағыңа көз жасынан жыр төгіп.
Тағдырыңа риза болып жатырсың,
Туған жердің бір төбесін бүркеніп.
Кешіре гөр, айналайын ақылшым,
Тірлігіме тірілерден жақынсың.
Араласып абысынмен кешегі,
Өлгенде де көрші болып жатырсың.
Кешір мені, өз жаныңа кеш келем,
Көкірегімнен сәби сезім өшпеген.
Бейуақытта алам ба деп мазаңды,
Анам, сенің әруағыңнан сескенем.
Арманыңның бұзбай берік арнасын,
Өмірде бір иілмеген өр басың.
Ақ сүтіңді ақтай алмай , еңсемді,
Басып жерге тұрады бір қорғасын.
Күңіренбеші, көрмедік деп күн көзін,
Өмір сүрдің меніменен бірге өзің.
Шаршап, талып саған сапар шегермін,
Сағыныштың сыңсытып бір күмбезін.
Кешір анам, есіме алсам өткенді,
Өкпелеме, деп басымда жоқ белгі.
Искегің кеп, менен туған сәбиді,
Құшағыңа ап жатқаныңа көп болды.
Көкірегіңнен көрсем деймін көктемді.
Кімдер кетіп, кімдер келіп үлгерді,
Өзің жатқан жерден көрдім гүлдерді.
Кешір ана қойылатын басыңа,
Тозбайтұғын мен шығармын бір белгі,
Маздайтұғын жырым шығар бір белгі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешкі биде

  • 0
  • 0

Вальс әні, кетті бірден тартылып,
Кеңейгендей күй сазымен тар клуб.
Шыр айналып дөңгелеп жүр құрбылар,
Жүздерінде нұр арайлы таң күліп.

Толық

Күн тұрғанда басымда

  • 0
  • 0

Күн тұрғанда басымда,
Күн қадірін білмеппін.
Дос тұрғанда қасымда,
Дос қадірін білмеппін.

Толық

Жаңа жұлдыз, жаңа аспан, жаңа маңай

  • 0
  • 0

Жаңа жұлдыз, жаңа аспан, жаңа маңай,
Қалай келгем барлығын бағаламай.
Шуылдайды шалғындар шертіп бір күй,
Толқындармен ойнаған шағаладай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар