Өлең, жыр, ақындар

Қуаныш та, реніш те, бәрі өтпелі, алдамшы

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 570
Қуаныш та, реніш те, бәрі өтпелі, алдамшы,
Бірімізді бірімізге болар ма күн, жалғаушы.
Бүгінгіге кешегінің, ертеңгіге бүгіннің,
Жетер ме еке, жетпес пе екен,
шырқыраған жан дауысы.
Бәрі алдамшы, бір-ақ сәттік, биігім мен еңісім,
Асау көңіл, жасай алмас, тағдырменен келісім.
Алакөзбен адымымды аңдып, қарап үстімнен,
Бөтен біреу өмір сүріп келген екен мен үшін...
Бәрі алдамшы, арман түлкі,
жалған күлкі, бәрі айқын,
Алдайтыны, аңқауларды, жалмайтыны қалай, кім?
Аспанымнан көк тұмандар ашылып күн туар ма –
Мынау жарық дүниеге өз көзіммен қарайтын.
Алдамшы өмір, мен өзіңе алданумен ұрландым,
Ұрланған соң, ұмытылам қабатында жылдардың.
Әлемдегі биіктермен таласатын бой теңеп,
Шың басына алып шығар шын өмірден құр қалдым,
шырмалдым...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүл аузындағы жер шары

  • 0
  • 0

Бейбіт өмір тіршіліктің аңсары,
Жапырақ жайған сұлулықтың дер шағы.
Жалын-өртке жанып кетпей, үлбіреп
Гүл ашып тұр, гүл аузында жер шары.

Толық

Білмеймін, жүргендеймін аңсап нені

  • 0
  • 0

Білмеймін, жүргендеймін аңсап нені,
Айналам ұйықтатпайды ән сап тегі.
Тізілген өлең жолы солдаттардай,
Мазалап «тұр-тұрлайды», қоршап мені.

Толық

Келеді досым, ұғар күн

  • 0
  • 0

Келеді досым, ұғар күн,
Ертеңге елтіп, сенем мен.
Күреске солай, шығармын,
Қауырсын қанат өлеңмен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар