Өлең, жыр, ақындар

Жалғыздық жыры

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 461
Үміт алдап, әурелейді ой алдап,
Ой-қиялды айту қиын баяндап.
Тықылдаған жүрісінен уақыттың,
Ажалыма жақындаймын аяңдап...
Күн күлімдеп, дірілдейді ай аунап,
Айдың нұрын еметіндей ояу бақ.
Көбелектің ғұмырындай ғұмырмен,
Мәңгілікке сапар шегем, жаяулап.
Жоқ нәрсені күтеміз-ау, алдан біз,
Арман жігіт, қайда кеткен арман қыз?
Ай да жалғыз, Күн де жалғыз,
жер жалғыз,
Ешбір жанға ұқсамайтын мен жалғыз...
Жалғыздардың төгіп шашпай ырысын,
Уақыт айтсын, бұрысымен, дұрысын.
Кеудемдегі бір жүректей «жалғыздар»,
Билеп тұрар, дүниенің төрт бұрышын.
Тобырдан топ құрып, иық көтерме,
Арпалыспа, арам тер боп бекерге.
Түнгі аспанның бар жұлдызы жиналып,
Жалғыз күннің жарығына жетер ме?
Жүрген сайын арман тауы биіктеп,
Қарай берем, маңдайыма тиіп көк.
Қолымнен әл, көзімнен нұр тайғандай,
Сетінеген үміт ұшын түйіп көп...
Шексіз сапар! Қайда барып тоқтаймын,
Көп нәрсеге көңілім менің соқпай жүр.
Жаратушы жалғыз құдай жар болып,
Жер бетінің «жалғыздарын» сақтай біл...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Берілмесін тек соғысқа еркіндік

  • 0
  • 0

Еркін дем ап тыныс алсын бұл кеудем,
Кең далаға шығайықшы жүр, сәулем.
Еркіндіксіз тұншыға бір күлгеннен,
Еркіндікпен жылағаным бір дәурен.

Толық

Екі көз, екі дүние...

  • 0
  • 0

Жер аласа, аспан төсі тым биік,
Биіктегі жұлдыз-гүлдер әдемі.
Бірі жарық, бірі түпсіз тұңғиық,
Екі көзім – екі дүние әдемі...

Толық

Еркелеп келші маған, еркін өлең

  • 0
  • 0

Еркелеп келші маған, еркін өлең,
Шабыттың жандыра алсаң өртіменен.
Көңілдің көк жиегін түріп тастап,
Аспандай жауып-жауып серпілер ем.

Толық

Қарап көріңіз