Өлең, жыр, ақындар

Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 304
Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді,
Өзім тыңдай алмасам, өз үнімді.
Қара жерді құламай басып келем,
Үмітіме сүйеу ғып төзімімді.
Айбынды ақын емеспін, сөзі құнды,
Сөзі құнсыз ақынның көзі мұңды.
Орынына асылдың бағалаған,
Сиқыршының алдайды жезі кімді?
Несін айтам, өмірден өткен, өтті,
Қуандырды, өкінтті, өкпелетті.
Кең дүние біреуді қысып мәңгі,
Ал, біреудің көңілін көктем етті.
Өмір базар, өтуде ала-құла,
Сатып алсаң, суды да, ауаны да.
Қарайтұғын қарашы тірі жан жоқ,
Жаутаңдаған баланың жанарына.
Ашылмаған ананың қабағына...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешкі сурет

  • 0
  • 0

Аппақ шуақ шашылғандай шат күлсең,
Көкірегімнен ақ таң болып аттың сен.
Астыңа бір алтын жалды ат мініп,
Кешкі күнге кіріп бара жаттың сен...

Толық

Көңілім менің

  • 0
  • 0

Көнбей баяу арна-ағысқа көңіл бір,
Өмірімнің табады екен емін жыр.
Қырау қабақ қыс айынан қар басқан
Алабұртам көктем іздеп көгілдір.

Толық

Жетісу толқыны

  • 0
  • 0

Жетісу, туған жерім, Иранбағым,
Бойына ұлылықтың жиған бәрін.
Дүниеде сенен асыл, Сенен артық,
«Сұлу жер бар» - десе мен иланбадым.

Толық

Қарап көріңіз