Өлең, жыр, ақындар

Биші атқа

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 250
Құлағыңды көтересің қас-қағып,
Қос жұлдыздың тамшылары тасқа ағып
Жыландай жүз иірілген бишіктен,
Биші болған жануар-ай, жасқанып...
Тағдырыңа тағар сенің кім айып,
Тұлпар едің, жабы бопсың мұңайып.
Айналасың белгілі бір алаңды,
Киелім-ай, кең далаға лайық.
Көрер көзге, қарының тоқ, қайғың жоқ,
Айналумен, өтіп жатыр ай-күн көп.
Қимыл сайын сый дәметіп, иеңнен,
Аузыңды ашып қант сұрайсың маймыл боп.
Тіл алғышсың... өз тегіңді біле алмай,
Жер тарписың, бір орныңда тұра алмай.
Билемесең, асып құлақ, басыңнан,
Дойыр бишік ысқырады жыландай.
Өз иеңнен басқа саған жоқ “тәңір”,
Күнің үшін күйердейсің отқа бір.
Жанарыңнан жалтылдайды жас болып,
Билеп өтіп бара жатқан тәтті өмір.
Шаншылып бір еңбектейсің кеудеңмен,
Тамашада қол соғады ел, жел берген.
Сені көріп, түсті есіме тағдырым,
Шықпай жүрген, шекарадан, шеңберден.
Тор ішінде, торығасың ай бағып,
Жон теріңнен “жолы болғыш” пайда алып.
Өзімізге өз даламыз бұйырмай,
Алаңды бір өтеміз бе, айналып?
Берген дәмі, сіңер емес бойға түк,
Көкірегіме барады улы ой батып.
Біреу бізді ұшыменен бишіктің,
Өмір бойы өтер ме екн ойнатып?...

20/XII.1986.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абайға

  • 0
  • 0

Абайға мен қараймын, Абай – маған,
Өткір, ойлы көзбенен абайлаған.
Құлағыма келеді қоңыр үні:
«Барасың сен,— дегендей,— қалай, балам?»

Толық

Шақырасың, бастайсың қайда мені

  • 0
  • 0

Шақырасың, бастайсың қайда мені,
Қарай берем сен барда айға әдемі.
Ұмыт болған салады ойға нені
Түнгі қырдың торғындай майда лебі.

Толық

Сағынышым сарғайған жат бағында

  • 0
  • 0

Сағынышым сарғайған жат бағында,
Орануда бұл жаным от-жалынға.
Тым-тырыссың, әлде әлі көкірегіңнен
Бір жылылық сен маған таппадың ба?

Толық

Қарап көріңіз