Өлең, жыр, ақындар

Білем, сенің алыста ғой арманың

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 235
Білем, сенің алыста ғой арманың,
Жетпес көңіл сарайыңа зарлы әнім.
Жүзтанысты жол үстіне қалдырып –
Ұмыта бер, ұмытшағым бәр-бәрін.
Жанарыңнан жамыраған сан шуақ,
Сезімімді шымшыласын, қамшылап.
Сағыныштың сары гүлін суғарсын,
Ғасыр жасы жүрегіңнен тамшылап...
Өткелдегі күйін кешіп ғаріптің,
Көптен бері көрмей сені зарықтым.
Ойда жоқта бір мен үшін жарқ еткен,
Жанарыңмен бірге кетер жарық күн.
Өзегімді тырналайды жел ұлып,
Өртенемін елесіңнен жеңіліп.
“Өтпелі өмір” көрген түстей бұлыңғыр –
Бұлдырасам, көз алдыңнан мені ұмыт.
Бірақ, бірақ бола алмайсың сен ұмыт...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт деген қалып қалмай дүлділден

  • 0
  • 0

Уақыт деген қалып қалмай дүлділден,
Жүрегімнен жүрек соғып күн күлген.
Құлап қалсаң,
тоқтап тұра беретін,

Толық

Күн өкпелеп барады

  • 0
  • 0

Оралмай жүр тіліме көптен өлең,
Өлеңсіз жер, жаңғырып көктемеген.
Күн де батып барады көкжиекке
Тіршілікке сыңаймен өкпелеген.

Толық

Менің ғасырым

  • 0
  • 0

Жұбанады кешегі “ел” жылаған,
Күш береді еркіндік енді маған.
Көк аспанның астында қанат қағар,
Менің, сенің ғасырың келді, балам.

Толық

Қарап көріңіз