Өлең, жыр, ақындар

Көресің бе?..

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2108
Еңбекпенен дарытам деп бойға құт,
Жалғыз ағам далада жүр қой бағып.
Мына заман қайда апара жатыр деп,
Үйде оңаша отырамын ойланып.
Бәзбіреулер мақтап жатыр нарықты,
Кімдер оның байыбына барыпты?..
Қашанғы біз жалаң үгіт айтамыз,
Тығырыққа тіреп қойып халықты.
Қаншама жыл тұрғынымын қаланың,
Күнкөрістің тауып келем амалын.
Бірақ. Бірақ. Біз ұшпаққа шықпаймыз,
Халі мүшкіл болса егер даланың.
Қатты соқты бұл нарықтық дауылы,
Момындарға түсті жүктің ауыры.
Көресің бе, атқа мінген азамат,
Қандай күйде атам қазақ ауылы?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талап

  • 0
  • 0

Жеткіншекті жетелейді талабы,
Талаптанса, біраз жерге барады.
Белгілейді мақсатының межесін,
Сәтті басқан ең алғашқы қадамы.

Толық

Түйін

  • 0
  • 0

Алдыңнан арайланса арман асыл,
Соған бір жету үшін қарманасың.
Талайдың осы жолда таңы атып,
Талайлар соғып жүр ғой жарға басын.

Толық

Екі ұлым

  • 0
  • 0

Екі ұлым - екі құрыш қанатым,
Қос шырағым маңдайымда жанатын.
Жазатайым құлап түссем солар ғой,
Мен жетпеген жерлерге ұшып баратын.

Толық

Қарап көріңіз