Өлең, жыр, ақындар

Сыртта жаңбыр, іште мұң

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 487
Сыртта жаңбыр, іште мұң,
Әйнекті ұрып шертеді.
Шөлдеп, кеуіп ішкенім,
Өзегімді өртеді.
Сыртта жаңбыр әуені,
Әуеніме қосылар.
Көздерімде әдемі,
Аспанның көз жасы бар.
Өзі ауыртып, өзі емдер,
Жаңбыр дәмі сор татып.
Өріп жатыр өзендер,
Бұрымдарын тарқатып.
Түрлі ой келіп басыма,
Іштегіні қозғасын.
Аспанның көз жасына ,
Қосылғандай көз жасым.
Өзге қиял, өзге үміт,
Түнереді ғұмыр шың.
Шөлдеген жер көз жұмып,
Көздің жасын сімірсін.
Кірпігіме мұңды іліп,
Жаңбыр жанды жуды бір.
Шығады екен шыңғырып,
Улы ойдан улы жыр...
Қайда, көзін ашқан гүл,
Қай жаққа енді асығам?
Бар ауыруын аспанның,
Жаңбыр жерге тасыған.
Уақытқа артып бар жүгін,
Құтылады, кім қашып.
Аспанға жер ауруын,
Ұшады екен бу тасып.
Бір жылаймын, бір күліп,
Улы жаңбыр, улы жыр.
Көкірегімнен сілкініп,
Оянардай бір дүбір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Рух

  • 0
  • 0

Өмірге өктем өкпелейтін кез өткен,
Соғады ұлып, отты дауыл өзектен.
Біртін-біртін ауыстырып орынын
Өтті бәрі... келеді ғасыр кезекпен...

Толық

Ойым орман, оранған үміт сағым

  • 0
  • 0

Ойым орман, оранған үміт сағым,
Тентек сезім қайда сол тұнық шағым.
Жанарына әр жанның жаутаңдайды,
Бала мінез баяғы «ұмытшағың».

Толық

Уақыт деген қалып қалмай дүлділден

  • 0
  • 0

Уақыт деген қалып қалмай дүлділден,
Жүрегімнен жүрек соғып күн күлген.
Құлап қалсаң,
тоқтап тұра беретін,

Толық

Қарап көріңіз