Өлең, жыр, ақындар

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 230
Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын.
Таратады кім келіп бұлтын іштің?
Жанға батып барады болмағаны
Бойымда бір шабытты бұлқыныстың.
Қайда достар жанымды жайлау еткен?
Аңғармаймын уақытты жайлап өткен.
Бір өзіме ұқсаған, мінезіме,
Бет қарыған қайда қыс, қайда көктем?
Қыр самалы, тербеген гүлің қайда?
Әр түске еніп жолыңда құбылмай ма?
Маңғазданған мамырдың бұлтын жыртқан
Нөсерлерге дүние жуынбай ма?
Тым-тырыспын, көңілге осы уайым.
Өз-өзімнен дедім бе шошынайын.
Жыр нөсері төбемнен құйшы, кәне,
Ырғағыңа ырғақ боп қосылайын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыйлық

  • 0
  • 0

Мынау өмір мәңгілік кімге көктем,
Өз әмірін жүргізер күндер өктем.
Досым, туған күніме гүл сыйладың,
Еске салып жастықты гүлдеп өткен.

Толық

Болады бір жеңілісім, жеңісім

  • 0
  • 0

Болады бір жеңілісім, жеңісім,
Өлең құсым араласын ел ішін.
«Қандай сыйлық алдың?» - деп сен сұрама,
Жарық күннен артық сый жоқ, мен үшін.

Толық

Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп

  • 0
  • 0

Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп,
Шертер ем ынтызарын жүректің көп.
Кеудеңнен аспан болсаң жауған нұрмен
Жатар ем қара жердей түлеп, гүлдеп.

Толық

Қарап көріңіз