Өлең, жыр, ақындар

Қайрау жыры

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 258
Қаламыңды қолыңа ал, бол, тұр, ақын,
Шағың сенің қырандай шарқ ұратын.
Қиялыңа қанат боп қозғау салар
Ыстық сезім, бойдағы салқын ақыл...
Өз сөзіңмен бейнеле ғасырыңды,
Өз көзіңмен бейнеле ғашығыңды.
Жарқылдатып найзағай, жасыныңды,
Көкірегіңнен аш кенді, асылыңды!
Хас тұлпарға дүние кең, шын асылға,
Тұрасың ба, екпін бар, құлашыңда.
Уақыт күтпес, тым ұшқыр уақыттың
Жырға қосшы анасы-мынасын да...
Дарын болсаң анадан бір туатын,
Кезің келді ширығып, бұлқынатын.
Туған елдің тілі боп, көкейкесті
Сөзін айтып серпіліп, сілкін, ақын!
Сөз өледі кезінде сөйлемеген,
Астасады мәңгілік ой мен өлең.
Сиқырлы сөз, қыл қалам құдіретімен
Суретшісің өмірді бейнелеген.
Уақыт озар, орнында тұра ма бір,
(Керек емес жаны жоқ, құрама жыр).
Саған қарап тұрғандай мені жаз деп
Сағат сайын гүлденген мынау өмір.
Ана сүтпен ақын боп туған едің,
Жүрегіңнің табатын жыр ғана емін.
Саған қарап тұрғандай жазады деп,
Көкейкесті арманын туған елің.
Әр сөзіңмен сұраққа ел жауап тапсын,
Үміттерден көңілге жаңа от жақсын.
Болашақты болжаған ойың сенің
Қыран болып қияда қанат қақсын.
Бүгіннің жаз шыңғырған бір шындығын,
Бұлт бүркенбей көгіңнен күлсін күннің.
Уақыттардан кезек ап, болашақтың
Кең сарайын жаңғыртып тұрсын жырың!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тау жолдары

  • 0
  • 0

Тау жолдары бұраң-бұраң,
Басы үміт,
Жалғасады күнге биік асылып.
Шықсаң жалғыз ертеменен сапарға,

Толық

Бақытты бола алмаспын қарызға алып

  • 0
  • 0

Бақытты бола алмаспын қарызға алып,
(Бала едім, келе жатқан қауыз жарып)
«Кем болар не жазығым бар еді» деп,
Жылағам жұлдыздарға арызданып.

Толық

Сыртта нең бар?

  • 0
  • 0

Сыртта нең бар?
Тұғырға қон, жүрегім,
(Елегзідің, несіне елжіредің?)
Күткендей боп біреуді әлсін-әлсін,

Толық

Қарап көріңіз