Өлең, жыр, ақындар

Уақыттың өте берсін ай, аптасы

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 250
Уақыттың өте берсін ай, аптасы,
Өмірдің біз емеспіз аяқ, басы.
Алаңсыз күлімсіреп шалықтаған,
Сәбиді ұйқыдағы оятпашы.
Періште болар оны сақтаушылар,
Жұлдыздан тамған жерге пәк тамшылар.
Мүмкін ол «гені» арқылы бабаларын,
Түсінде көріп, күліп жатқан шығар...
Хабарсыз дүние, мансап, тақтан да олар,
Ол үшін ешнәрсе де жоқ, таңданар.
Мүмкін бір көрер күнін, болашағын,
Алаңсыз көріп, біліп жатқан болар...
Білмейді тау көгкенін, тал өскенін,
Ағарып келеді есіп, таң ескегін.
Мен үшін бір құпия бар сияқты –
Жүзінде ұйқыдағы нәрестенің...
Анадан туғанына бұлданып ап,
Есейіп, өссін десең... жылдамырақ.
Мезгілсіз ойда жоқта оятпашы,
Жатқанда, бірде күліп, бірде жылап...
Жүзінде тазалық бар, осы ұққаным,
Кетеді ол жыласа, тасып қаным.
Түс көріп шалықтап бір ұйықтап жатқан,
Сәбиді жұлқылап сен, шошытпағын.
Тербеткен жер-бесікті ей, ақ таңдар,
Ақ сүтпен тұлғасын тұр бояп таулар.
Сәл сабыр, өз еркімен оянады,
Сәбиді ұйқыдағы оятпаңдар,
оятпаңдар!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тыныштық – тынысым

  • 0
  • 0

Планета тынысы –
менің тынысым,
сенің тынысың.
Хабарсыз отырсам кетеді тынышым.

Толық

Тың – толғау

  • 0
  • 0

Айналған тірі тарихтарға бұл далам,
Қозғалыстардан уақыттай мынау тынбаған.
Коммунистер, тыңның таңғы тынысын –
Құлақпен емес, жүректерімен тыңдаған.

Толық

Уақыт шайпау кейде шын

  • 0
  • 0

Уақыт шайпау кейде шын,
Кетпейтін сенен өш алмай.
Бақыттың кисең жейдесін,
Сасасың тағы шеше алмай...

Толық

Қарап көріңіз