Өлең, жыр, ақындар

Жер – жұмыртқа

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 296
Ойларым көп, тілмен қайтіп айта алам,
Айта алмасам, қайда барып жай табам?.
Ұлы Жер бір жұмыртқаға ұқсайды
Егіз тірі балапанды шайқаған.
Егіздердің екі түрлі жүрегі,
Күреспенен ішінде өмір сүреді.
Батқан кештей қап-қара да біреуі,
Атқан таңдай, аппақ екен біреуі.
Жүрекке артып өтеді адам ми жүгін,
Қайшыласқан қилы арман, қилы ұғым.
Жұмыртқаны жарып шығып жарыққа,
Асығады жүргізуге өз билігін.
Жерден еркін алу үшін керегін,
Бір-бірінен көріп болды көрерін.
Қапа-қара бір жалғандықпен күрескен
Әділетті ақ балапан дер едім.
Ол белгілі, жақынға да, жатқа да,
Тіршілігн мақта, мейлі мақтама.
Шындықтың ақ балапанын шоқиды –
Зұлымдықтың балапаны қап-қара.
Тынар емес күрес – майдан жол әлі,
Бір гүл өнсе, бір гүл семіп қалады.
Қос балапан жұмыртқа – жер ішінен
Жарып шығып қайсысы үстем болады?
Көңілімнің табады әсем жыр емін,
Жырсыз, сырсыз, қалай өмір сүремін?.
Аппақ таңдай балапанға күн тілеп,
Әділетке бұрып тұрар жүрегім.
Әділетті аңсап, туып, өскен ем,
Әділетті қорғағанды дос көрем.
Ұлы жердей жұмыртқаны зұлымдық,
Жарып шығып кете ме деп сескенем...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасқа жол

  • 0
  • 0

Туған ауыл әр тасын,
Жамбасына жастап ол.
Төсеп күнге арқасын,
Жататын бір қасқа жол.

Толық

Жер лайсаң...

  • 0
  • 0

Жер лайсаң...
Күткендей әлдекімді – көңіл май шам.
Түнімен жел ұйытқып, қар жауғандай,
Бәрі маған сый болып арналғандай.

Толық

Балам әскерге кетерде

  • 0
  • 0

Ер жігіт өсіреді жапанға гүл,
Ойлайтын кезің келді Отан қамын.
Парызын өтеу үшін туған елдің,
Барасың, балам, күткен сапарға бұл.

Толық

Қарап көріңіз