Өлең, жыр, ақындар

Күн нұры жерге сен деп шашылады

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 190
Күн нұры жерге сен деп шашылады,
Сені ойлап қырда гүлдер ашылады.
Атыңды айғай салып айту үшін,
Теңіздің толқындары асығады...
Жүректің сұлулық боп аңсағаны
Тарайды шаштарымды таң самалы.
Дауысын таң алдында жүз құбылтып,
Бағымда бұлбұл сен деп ән салады.
Сен үшін көктен жұлдыз күлімдейді,
Сен үшін жасын бұлтты тілімдейді.
Тізіп мұң сағыныштың моншақтарын,
Кірпігім түні бойы ілінбейді.
Соқпағын сезімімнің тұманға орап,
Сені ойлап көкжиекке тұрам қарап.
Жаныма күндіз-түні маза бермей,
Кеудемде қағатындай қыран қанат.
Жыр жаздым жанарымнан жанып ұшқын,
Басылмай жүргендей өрт-жалыны іштің.
Сені ойлап оңашада мұңға батам,
Оранып сәулесіне сағыныштың...
Бағасын өмір солай асырады,
Нендей күш күннің көзін жасырады.
Талпынған әсемдікке жас жүрегім
Көрем деп сені қайдан асығады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көзге елестеп жұмбақ өмір алдағы

  • 0
  • 0

Көзге елестеп жұмбақ өмір алдағы,
Әнім менің кешке ұласты таңдағы.
Кейде ауыр күрсінемін, иығыма –
Түскендей боп аспан мен жер салмағы.

Толық

Айтар ойым

  • 0
  • 0

Айтар ойым,
жазар жырым – өткендерді
қайталау,
Өткендерді ұят бізге көре тұрып, байқамау.

Толық

Бір жас әйелге...

  • 0
  • 0

Өлуге тумай жатып кім асығар,
Күн шығар, мезгілімен гүл ашылар.
Өтінем, жауап берші, ей, жас әйел,
Тумаған сәбидің не кінәсі бар?

Толық

Қарап көріңіз