Өлең, жыр, ақындар

Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 273
Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды,
Көз алдымда әрбір сөзің, бар тұлғаң.
Сырт көздерге көрінбейтін сиқырлы
Бір көпір бар арамызға тартылған.
Бұл көпірдің ашылмаған сыры әлі,
Бұл көпірсіз тұңғиыққа батамын.
Екеумізді жалғастырып тұрады,
Сағыныштың сүйіп кешкі шапағын.
Көрінеді ол алған ыстық деміңнен,
Көрінеді ол қимылыңнан, сөзіңнен.
Мықтылығы шегелеген сеніммен,
Осалдығы санасады сезіммен.
Ұстатпайды уақыт деген қашаған,
Бәрі көзге жалған күліп алдайды.
Дәті барып еш уақытта еш адам
Бұл көпірді бұзып кете алмайды.
Кездеседі тірі жанға күй түрлі,
Шыңыраудан шығады алып мұратым.
Бір көпір бар арамызда сиқырлы
Табыстырып қос жүректі тұратын.
Адастырмай алып өтер тұманнан,
Табыстырып теңізбенен, тауменен,
Бір көпір бар сағыныштан құралған,
Құралған жыр, арман, үміт, сәуледен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірге мынау қайранбыз

  • 0
  • 0

Өмірге мынау қайранбыз,
Көктемде... келер құс тағы.
Тоңғандай дір-дір ай жалғыз,
Жапырақтай күміс қыстағы...

Толық

Тыншымаймын сөнбей жүрек шырағым

  • 0
  • 0

Тыншымаймын сөнбей жүрек шырағым,
Тұла бойдан толқып-тасып бір ағын.
Қанша өлең жазсам-дағы, мен әлі
Түк жазбаған сияқты боп тұрамын.

Толық

Не деймін...

  • 0
  • 0

Не деймін...
қалай саған жеткіземін,
Бір кезде асау, ерке өрт қыз едім.
Есейдім, енді бүгін сол уақыттың –

Толық

Қарап көріңіз