Өлең, жыр, ақындар

Өмірге мынау қайранбыз

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 231
Өмірге мынау қайранбыз,
Көктемде... келер құс тағы.
Тоңғандай дір-дір ай жалғыз,
Жапырақтай күміс қыстағы...
Өткізсем үнсіз уақытты,
Тақуа тағдыр тақымдар.
«Жұрт» секілді бақытты –
Болуға менің қақым бар.
Сенермін, қалай көнермін,
“Сырты дос, іші жауға” шын.
Бағасын берер келер күн,
Түсіріп еске тәубасын.
Қан-тамырға жол жүрек,
Жан ұясы, ең ыстық.
Көздерімде көкжиек,
Кеудемде бар кеңістік...
Ой дегенің он бөлек,
Өрге тартып шаршадым.
Көтеріп келем дөңгелек
Басыма ұқсас “Жер-шарын”.
Күрсінемін... күле алмай,
Жүрер жолым қанша, әлі?
Мен құласам құлардай –
Жер шарына, Жер шары.
Жанарымда таңсәрі...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауаны жұтам мен еркін

  • 0
  • 0

Ауаны жұтам мен еркін,
Жасқанбай, еркін жер басам.
Жарығын тегін төгер күн,
Төбемнен менің әрқашан.

Толық

Тіршіліктің сияқтанып жүрегі

  • 0
  • 0

Тіршіліктің сияқтанып жүрегі,
Күн нұрымен жүз құбылып реңі.
Күзгі желмен ұшпай, жерге ілініп,
Жалғыз жапырақ тал басында тұр еді.

Толық

Еңкіш емес, емендей түзу едің

  • 0
  • 0

Еңкіш емес, емендей түзу едің,
Байқамадым, қонғанын жүзіңе мұң.
Құдіреттім-ау, бұл күнде өзің тұрмақ,
Басып кеткен тең келер ізіңе кім?!

Толық

Қарап көріңіз