Өлең, жыр, ақындар

Кең өмірден кездестіріп сені алғаш

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 298
Кең өмірден кездестіріп сені алғаш,
Алғаш менің жас жүрегім гүл атты.
Сол бір көктем енді қайтып оралмас,
Сол бір көктем күлдіріп, кеп жылатты...
Қыз ғұмырын бірге өлшедің гүлменен,
Гүлге аяп қарамадың, солса да.
Махаббаттың бар екенін білген ем,
Көрген түстей, баянсыздау болса да...
Жұлдыздардан алқа тізіп түнгі көк,
Сағынышты ой көкірегімді тілгілеп,
Күнді сүйген таңғы гүлдей үлбіреп,
Сені сүйген болды менде бір жүрек...
Сол бір көктем маған мәңгі оралмас,
Оралмайтын ұшқыр, отты қиялдай.
Бір жүрегім сүйген жанып сені алғаш
Екінші рет қойды ешкімді сүйе алмай!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көзді жұмсам…

  • 0
  • 0

Көзді жұмсам…
Келеді ылғи өз бейнең.
Күрсінемін сағынышқа төзбей мен.
Күшім жетсе серпілер ем, сергір ем,

Толық

Аспанның күні күліп, айы аунаған

  • 0
  • 0

Аспанның күні күліп, айы аунаған,
(Бергендей ата-бабам аян маған)
Мәңгіліктің о дүние, мекеніне
Барардағы бұл дүние, аялдаман...

Толық

Түнгі оттар

  • 0
  • 0

Түнгі оттар, түнгі оттар тірі ұшқын,
Жанады жалындап өрлеп тек.
Қарашы, сонау бір қыр үстін,
От кілем оранған өрнектеп.

Толық

Қарап көріңіз