Өлең, жыр, ақындар

Маған жұмбақ көзіңде мұң бар екен

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 907
Маған жұмбақ көзіңде мұң бар екен,
Сенің кеудең кілттеулі сырға мекен.
Айналмайын мейлі мен сүйіктіңе,
Сүйіктім деп өзіңді жырлап өтем.
Мұң бар екен, көзіңде кім бар екен,
Кім бар екен, ол маған жұмбақ екен.
Қабағыңды ашылған көру үшін
Жолыңа мен жолымды құрбан етем.
Тіршіліктің әзілін, базынасын
Дарытпайсың, жыр болып жазыласың.
Жол түспеген ұқсайсың қоңыр тауға
Қойынына тыққан бар қазынасын...
Бәрін көріп, бәрінен жерігесің,
Ерігесін – енді сен ерінесің.
Сырға толы құпия ашылмаған
«Алтын сандық» сияқты көрінесің...
Тіл қатпайсың уақыт, күн туралы,
Күлші ашылып, көңілге күлкің дәрі.
Көктен, жерден өлеңмен іздеу салып,
Таба алмай-ақ келемін кілтіңді әлі...
Сыр бар екен, көзінде мұң бар екен,
Сырға бекем өр кеудең жұмбақ екен.
Көзіңдегі сол мұңды көрмейін деп,
Төмен қарап, жаныңнан жылдам өтем..
Мұң бар екен, көзіңде кім бар екен?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Биші атқа

  • 0
  • 0

Құлағыңды көтересің қас-қағып,
Қос жұлдыздың тамшылары тасқа ағып
Жыландай жүз иірілген бишіктен,
Биші болған жануар-ай, жасқанып...

Толық

Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей

  • 0
  • 0

Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей,
Кездескенде лағып кетем сөз білмей.
Өмір сүрдің, мені мәңгі ыза ғып,
Жерде жатқан қурай ғұрлы көзге ілмей...

Толық

Жыр жаздым өз атыңа тебіреніп

  • 0
  • 0

Жыр жаздым өз атыңа тебіреніп,
Оттағы қорғасындай көңіл еріп.
Бір түрлі қысыламын, жұрттың бәрі
Тұрғандай көздерімнен сені көріп...

Толық

Қарап көріңіз