Өлең, жыр, ақындар

Жүректегі жүгінем жазуларға

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 250
Жүректегі жүгінем жазуларға,
Өкінбеймін құлатса сезім жарға.
Күндіз-түні сен жайлы ойлайтұғын
Мәнді екен ғой өмірім өзің барда...
Алдымдағы көрсетіп қамалдарды,
Жанатындай ішімде алау мәңгі.
Жан-жүрекпен түсініп мені ұғатын
Сағынып бір іздеймін адамдарды...
Күндер деген келеді кезек алып,
Ақ-қарасын айырып сезем анық.
Асықтырып тұрады алыстарға
Өзегімде өрт сезім өзені ағып.
Тұла бойға у болып тарады мұң,
Көкжиекке еңкейіп барады күн.
Сау жаныма соғыссыз тыныштықта
Оғы тиген тағдырдың жаралымын.
Болмас кеудем ол үшін қайғы алаңы,
Жүріп жатыр қайшылық майданы әлі.
Бір өзіңді ойласам бүкіл дүние
Көбелектей көзімде айналады.
Сусындатып жан шөлін қандырмаған,
Жалғастыр деп өмірін қалдырды анам.
Сүйе алатын кеудеме бір жүректі
Сыйға тартқан сияқты тағдыр маған...
Кінәм болса кешіріп алма есіңе,
Сыр жұлдызы болайын сан кешіңе.
Өміріммен өтейін көкірегіңді
Сағыныштың орап бір сәулесіне.
Сезімімнің сарқылмас жыры едім мен,
Тілегіңмен табысқан бұл өмірден.
Жалғыздықтан жабықсам, жұбанамын
Суретіңді көрем де жүрегімнен...
Тағдырдың көп соққысын жеген едім,
Ойды өзіңе жұлдыз ғып шегеледім.
Сая таппай басқадан, сені жиі
Көргім келіп тұрады неге менің?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұнап жүріп, қалдың маған ұнамай

  • 0
  • 0

Ұнап жүріп, қалдың маған ұнамай,
Сыр алдырдың сынға неге шыдамай.
Жүректегі қиын сөзді қалайша
Тіліңменен айтып қойдың тым оңай?..

Толық

Қарасазға барғанда

  • 0
  • 0

Сәлем жолдап, тұнық көк, таңға жарық,
Бота бұлттар, барады аунап, ағып.
Өзіңді іздеп, аруақты ақын аға,
Қайтып келдім, даладан тауға барып.

Толық

Уақыт үні

  • 0
  • 0

Қозғалыс! Қозғалыс қой, уақыт деген,
Уақытпен үндескен бақытты өлең.
Өткел бермес өмірдің бір кісідей,
Ащысы мен тәттісін татып келем.

Толық

Қарап көріңіз