Өлең, жыр, ақындар

Саған жұмбақ жылағаным, күлгенім

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 231
Саған жұмбақ жылағаным, күлгенім,
Саған жұмбақ түндерім мен күндерім.
Көк аспанға келеді әлі көтеріп,
Ерік бермей ешкімге де бұл көңіл.
Саған жұмбақ аласа мен биігім,
Өзіме тән қуанышым, күйігім.
Моншақ тізіп көл түбіне көз жасым,
Күлкім менің құрайтындай иірім.
Тау көтеріп талған емес иығым,
Қиял-сезім – жете алмайтын қиырым.
Армандап мен жыр жазбаймын атыңа,
Салса екен деп көздеріңнің қиығын.
Саған жұмбақ не сырым бар, оқыма,
Тексере бер айналып ар сотына.
Кездескенде күнге кепкен қурайдай
Өртенемін көздеріңнің отына.
Жалынбайсың жан жараңа сұрап ем,
Сыр болып бір көкірегіңе тұнар ем.
Әрбір күнмен асықтырып, әйтеуір,
Маған жұмбақ қол бұлғайды бір әлем..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маған жұмбақ көзіңде мұң бар екен

  • 0
  • 0

Маған жұмбақ көзіңде мұң бар екен,
Сенің кеудең кілттеулі сырға мекен.
Айналмайын мейлі мен сүйіктіңе,
Сүйіктім деп өзіңді жырлап өтем.

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Жүрегім шаншып сыздай ма,
Беріліп сұрғылт күзгі ойға?
Қызғалдақ терген қырлардан
Қызыл көйлекті қыз қайда?

Толық

Санаңа сыйлап бұл өмір сенім

  • 0
  • 0

Санаңа сыйлап бұл өмір сенім,
Бақытты болар күле білсе кім.
Оңаша сәтте мені ойлап бір,
Гүлдеді ме екен жүрегің сенің?..

Толық

Қарап көріңіз