Өлең, жыр, ақындар

Шақырмаймын құшағымды жайып бір

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 236
Шақырмаймын құшағымды жайып бір,
«Дертің» болса, өзіңді одан айықтыр.
Қол созсақ та, менімен сен өте алмас
Арамызда уақыт деген Жайық тұр...
Нәзік айың сапар шеккен түн қатып,
Ақ сәулесін түсірместен шыңға түк.
Уақытқа қарсы жүзіп кетпеші,
Дарияның тереңіне шым батып.
Көкірегімнен көзін ашып көл жұмбақ,
Қиялымды әкетеді сол күнге ап.
Шағаланың қанаттары шақырсын,
Ақ Жайықтың аспанынан қол бұлғап.
Жаныма бұл алыс әрі жақынсың,
Арамызда қамалға ұқсап жатыр шың.
Ойнақтаған сенің отты көздерің
Көңіліме көктемді бір шақырсын.
Атай көрме мені бақыт құсы деп,
Көрер көзге сыртым салқын, ішім от.
Ақ Жайықтың жалын құшам, келгендей
Төлегеннің ақ боз аты кісінеп...
Сезем бәрін, бұдан әрі бармайық,
Арнасынан асса көңіл бар ма айып.
Жылап ағып жерге жауып жатқандай
Сағыныштың жапырақтары сарғайып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәулең жатыр, тарап күн, тарап айдан

  • 0
  • 0

Сәулең жатыр, тарап күн, тарап айдан,
Сені көрсем, сезім мас, сана майдан,
Жонып-қашап тұлғамды мүсіндеші,
Қарсы біткен бұтағы қарағайдан.

Толық

Сен мені сағындың ба?

  • 0
  • 0

Ағарып таң келе жатқанда,
Оңаша тіл қатып,
Толқып бір бақтарға.
Батып сәт жаның мұңға,

Толық

Еркелеп келші маған, еркін өлең

  • 0
  • 0

Еркелеп келші маған, еркін өлең,
Шабыттың жандыра алсаң өртіменен.
Көңілдің көк жиегін түріп тастап,
Аспандай жауып-жауып серпілер ем.

Толық

Қарап көріңіз