Өлең, жыр, ақындар

Көк торғай

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 349
Ой салып бір жолаушыға жол жүрген,
Табиғаттың заңы болар көндірген.
Күзгі кеште көп жапырақтың ішінен
Ұшып-қонған көк торғайды көрдім мен..
Соққан желмен күндіз-түні шуылдап
Сол торғайға шертетіндей сырын бақ.
Паналаған анасының бауырында
Жылы ұясын іздей ме екен шырылдап.
Тірлігі үшін дүние шегі шоқ талдай,
Күзгі ауадан бір суық жел соққандай.
Көз алдымда билеп жүрген ұқсайды
Көк аспанның тамшысына көк торғай...
Мен сезбеген өмір сыры көп қандай,
Өмір кейде бәйге-жарыс, көкпардай.
Нотаға ұқсап, дүниенің дыбысын
Көкірегіне жазып алған көк торғай...
Үміт – отым жұлдыздардай жиі ақты,
Нәзік жүрек мәңгі өлмейтін сый апты.
Көз алдымда жапыраққа жан бітіп,
Шыр-шыр етіп ұшып жүрген сияқты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айтар ойым

  • 0
  • 0

Айтар ойым,
жазар жырым – өткендерді
қайталау,
Өткендерді ұят бізге көре тұрып, байқамау.

Толық

Жібек жел ем, айналдырдың дауылға

  • 0
  • 0

Жібек жел ем, айналдырдың дауылға,
Ұшқын едім, шарпыдың сен жалынға.
Енді қайттім, маза берер еес түк,
Бір от бұлақ ағып жатқан жанымда.

Толық

Ұнап жүріп, қалдың маған ұнамай

  • 0
  • 0

Ұнап жүріп, қалдың маған ұнамай,
Сыр алдырдың сынға неге шыдамай.
Жүректегі қиын сөзді қалайша
Тіліңменен айтып қойдың тым оңай?..

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар