Өлең, жыр, ақындар

Болашаққа берейін сөз кезегін

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 478
Бұл өмірден біреулер жерінеді,
Ерінеді, зерігіп, керіледі.
Кәрі дүние баланың көздеріне
Жаралғандай жаңадан көрінеді...
Адам – арман, кезекпен дабыл қағар,
Тірліктегі қосылып ағынға бар.
Жүрегіңмен жазған жыр, айтқан әнің,
Әр жүрекке әр түрлі қабылданар...
Ай дегенің дөңгелек шарайна екен,
Түнгі аспанға сәулесі тарай ма тең?
Әр нәрсеге жаңалық ашқандай боп,
Сәби көзі таңданып қарайды екен.
Дауылменен күресіп бала шыбық,
Белдескен бір батырдай дара шығып,
Жалындаған осынау жас бала үшін,
Дүние есігі тұрғандай жаңа ашылып.
Биіктерім биікке табынып тұр,
Өмірі өткен сағымдай сабылып құр.
Арманы жоқ «бақытты» біреу үшін
Дүние есігі тұрғандай жабылып бір...
Сезгенімнен көп екен сезбегенім,
Орындатар бұл өмір өз дегенін.
Бүгінімнің бағасын айтып берер
Болашаққа берейін сөз кезегін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өз басыңнан алғандаймын отты мен

  • 0
  • 0

Өз басыңнан алғандаймын отты мен,
Көз жасымды ерініңмен кептірем.
Қасыңда сәл, қала тұрсам, қас-қағым,
Қас қағым сәт, өмір сүрдім деп білем.

Толық

Сәби-қар

  • 0
  • 0

Қар жауып тұр, қарашы, қар жауып тұр,
Ақ қанатты аспаннан ар жауып тұр.
Көкпен жердің арасы ақпандағы,
Тазалықпен тұрғандай жалғанып бір.

Толық

Ақын

  • 0
  • 0

Өз кірпішін өмірге әркім қалайды,
Қалағандар... жерде қалтылдамайды.
Ақын деген – отты жасын, найзағай,
Ал, найзағай күнде жарқылдамайды...

Толық

Қарап көріңіз