Өлең, жыр, ақындар

Шөлдедім мен, келеді сусындағым

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 247
Шөлдедім мен, келеді сусындағым,
Үндемейді бұлбұлды сыршыл бағым.
Аласұрған арман боп, сағыныш боп,
Жырларымның жолында жүрсің, жаным.
Ауру жандай сүйреткен құр сүлдесін,
Бұлт жамылып күндерім күрсінбесін.
Алабұртқан кеудемде алау жүрек
Жырларымның жолында дүрсілдесін.
Болмас өмір жаныңа жайлы қайық,
(Ақ бояудан ақ гүлдей айнымайық).
Әйнегіме сеуіп бір нәзік нұрын,
Түнгі аспаннан қарайды ай мұңайып...
Өмір деген – ескексіз желді қайық,
Бара жатыр қанатын енді жайып.
Мұңайған ай қонғандай қабағыма,
Қара түнге қараймын мен мұңайып.
Үйсіз жылап көз жасын сүртеді бақ,
Сезім деген секемшіл, үркек лақ.
Ұйқтап жатыр ақсақал Алатауым,
Бейбіт түннің көрпесін бүркеніп ап.
Көрінбеген жұлдызын құшып көктің,
Ұшып кеткім келеді, ұшып кеткім.
Басылмаған шөлімді бассам деймін,
Бұлт сапырған нөсерді ішіп көп күн.
Мейлі, сол бір айлы түн сағындырсын,
Жалындырсын, жастықты табындырсын.
Жалындаған жырымның жолдарында
Жүрегім мен өзімнің жаным жүрсін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауа жетпей кейде бір алқынамын

  • 0
  • 0

Ауа жетпей кейде бір алқынамын,
Ондай кезде шығады салқын әнім.
Ғашық болып тағы да таңғы күнге,
Таңғы күндей биікке талпынамын.

Толық

Армандылар өткен екен аһ ұрып

  • 0
  • 0

Армандылар өткен екен аһ ұрып,
Кеудесінен қайғы көлін сапырып.
Кейінгілер есіне ала жүрсін деп,
Өздерін де тас қып кеткен қатырып.

Толық

Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін

  • 0
  • 0

Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін,
Арманыңның аударма асау кемесін.
Бұлт қаласын аспанның жарып өтіп,
Жұрт қарасын жүзіңе, қашан келесің?

Толық

Қарап көріңіз