Өлең, жыр, ақындар

Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 258
Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп
Өтпесінші, үнсіз сырғып уақыт тек.
Ей, адамдар!
қайырлы таңда, қайыр ғып,
Ең болмаса бір адамды бақытты ет.
Шыққан күнім, шыңды айналған қыран жыр,
Аспанымды баспасыншы тұман бір.
Шуағыңды сыртқа қарай шығарып,
Ең болмас, екі адамды қуандыр.
Бұл өмірден кім кетпеген, кім келіп,
Жүрген ізің қалуы үшін гүлденіп.
Жүрегіңмен жақындатып алысты,
Арманыңа үлгеріп қал, үлгеріп...
Қарсы ал, тұрып келеді әне, ерке күн,
Жер бетіне жайып нұрлы желкенін.
Күнге ұқсап, бар сәулеңді шашып қал,
Ашық болу үшін сәби, ертеңің.
Тойынғанға «ессіз» қарап, еліктер,
Өткенді ояу көзіңменен келіп көр.
Бір жапырақ наның болса, қолыңда,
Ойланбай-ақ аш адамға бөліп бер.
Күн келеді жолаушыдай асыққан,
Ғашықтығын үнсіз айтып қашықтан.
Күн жетпеген күңгірт тартқан көңілге,
Жаныңдағы жарығыңды шашып қал.
Бірге асығып, күнмен бірге асыққан.
Қиналады, жер анадй жаралы,
Біреуге кең, біреуге өмір тар әлі.
Ағыстарға түсіп сурет сәулесі,
Қасіретті ғасыр ұшып барады,
Қасиетті ғасыр ұшып барады!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдызыңды жандырып

  • 0
  • 0

Жұлдызыңды жандырып,
Алып қалғым келеді.
Құшағыңда мәңгілік,
Қалып қалғым келеді.

Толық

Қуаныш пен өкініш бәрі де өтер

  • 0
  • 0

Қуаныш пен өкініш бәрі де өтер,
Жүрек суып, кеудеңнен жалын кетер.
Көңіліңнің кеңейткен көк аспанын,
Боп көрінер табынған әнің бекер...

Толық

Басқа жақтың болады бұлты мұңды

  • 0
  • 0

Басқа жақтың болады бұлты мұңды,
Керек етер серпіліп, сілкінуді.
Мен өзімді бақытты сезінемін,
Көргеніме тәуелсіз бұл күнімді.

Толық

Қарап көріңіз