Өлең, жыр, ақындар

Тойдың тойы – асыл той

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 299
(Сұлтан мен Роза Досмағамбетовтерге)

Сұлтан ағам дәл сексенге келгенде,
Тойдың тойы жетті Құдай бергенге:
Төлегеннің Қыз Жібегі секілді
Жетпіс бесті игеріпті жеңгем де.
Сарыарқаның Сұлтан аға – сұлтаны,
Солай десем, өтті талай қырқаны.
Бар өмірін айту үшін, ағайын,
Бір емес­ау, керек сексен жыр таңы.
Білем оның азаматтық жолдарын,
Ерте ашылды бойындағы мол дарын.
Ұмытпаймыз обком төрін жайлап кеп,
Он жыл бойы облисполком болғанын.
Көрдік сонда өжеттігін тамаша,
Саясат ғұрпын таратты ол жаңаша.
Сөзге шешен, іске мығым Фазылдай,
Қазақтарға еткен талай араша.
Сақ қырандай жігіт еді ағынды,
Баршаны ойлап, ар ісіне бағынды.
Өрге басқан жас таланттың алдында
Ашты талай ұзақ бұлдыр сағымды.
Ауыр істе аттың басын ағытқан,
Тайған емес шын ағалық бағыттан.
Жезқазғандық, теміртаулық жастарды
Осы Сұлтан Димекеңе танытқан.
Болат құйып, бұрқыратсақ жер кенін,
Егіншілер көрдік талай жеңгенін.
Қарағанды алға шықса жарқ етіп,
Сұлтан аға, жанды ерен еңбегің.
Естелікті жеңіл ғана екшедім,
Етті саған төңіректегі ел сенім.
Қарағандының бүгінгі ақсақалы,
Құтты болсын, Сұлтан аға, сексенің!
Тауыспаспыз айтар сөзді сарқып біз,
Беу, өлеңім, жеңгем сыйлар салтты ұққыз.
Полковник жеңешем­ау, сіз біздің
Рядовой жеңгейлерден артықсыз.
Ардақтасам көп жұлдызды жағаңды,
Жер жұлдызы деп көтерем бағаңды.
Сүйген жары полковник болған соң
Маршал ма деп қалам кейде ағамды.

16.09.2008



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бибігүл ән салғанда

  • 0
  • 0

Сыңғырлап бұлақ аққандай,
Кербез ән толқып сырғыды.
Жүрекке шырақ жаққандай,
Сайрады қазақ бұлбұлы.

Толық

Ағалар үшін президентке алғысым

  • 0
  • 1

Ақиқат ажары ашылды,
Әділдік шалқыған күн жетті.
Құлшындық бір сілкіп ғасырды,
Құртуға кертартпа індетті.

Толық

Шаттық селі

  • 0
  • 0

Тәуелсіз күнім түзеп қаталықты,
Елбасы Абылай ханнан бата алыпты.
Кешегі «Щучинский» деген аудан
Бурабай ауданы боп аталыпты.

Толық

Қарап көріңіз