Өлең, жыр, ақындар

Күмбір-күмбір күмбездер басылды үні

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 2185
(Ақселеу Сейдімбек қазасына)

Қазақтың көзін жұмды асыл ұлы,
Таусылды бұл жалғанға ғашық күні.
Домбыра екі ішегі күрт үзілді,
Күмбездер күмбір қаққан басылды үні.
Бойына табу қиын шақ теңеуді,
Қиратты долы толқын ақ кемемді.
Санасын сансыз өнер кең жайлаған,
Сұм ажал алып кетті Ақселеуді.
Дамылсыз күй тарихын еселеді,
Көсілді кесенелер көшелері.
Салтына ғалым, ұстаз, ел сүйсінсе,
Даңқына бір «Дәурен­ай» жетер еді.
Тым жедел таңсәріде жарылғандай,
Келді екен пәк жүрекке ағын қандай?
Қу тірлік бір қысымы батып кетті­ау,
Жан досы Ғабдолланы сағынғандай.
Қимаймын, өлді деуге жасқанамын,
Нар тұлға есіме алам қас­қабағын.
Шіркін­ай, ойда жоқта ғайып болды
Ең жарқын бір жұлдызы Астананың.

16.09.2009.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шалғайда құшты қара жер

  • 0
  • 0

Жар басында жапалақ
Өсектесе бүркітті,
Түлкі тыңдап тасалап,
Жасырын қағаз түртіпті.

Толық

Сыйла, қазақ, ардақта ақыныңды

  • 0
  • 0

Сыйла, қазақ, ардақта ақыныңды,
Одан артық таппайсың жақыныңды.
Сатылуды білмейді, түлкілікті,
Білсе­дағы жазасыз атылуды.

Толық

Көргенде Құлагердің ескерткішін

  • 0
  • 0

Көкшеге Астанадан аққан жолдың
Басында бір ғаламат ашқан болдым.
Бейнесін Құлагердің көз шалғанда,
Замана әр мезетін шапшаң шолдым.

Толық

Қарап көріңіз