Өлең, жыр, ақындар

Ұшақтан жылдам бұлттар

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1045
Таңертең күн ашық,
Тұр еді нұр шашып.
Аспанда бұлт жоқ:
Ендеше күдік жоқ.
Ойладым дәл бүгін,
Жаумайды жаңбыр!
Шықтым мен үйімнен
Жейдешең күйіммен.
Әурелер жолда құр,
Алғам жоқ қолшатыр
Кенеттен аспанды
Бұлт торлай бастады.
Ұшақтан жылдам ба?!
Шаңдатып көшені,
Басталды нөсері.
Жоқ мотор, қанаты,
Бұл бұлттар қалайша
Тез жете алады?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің қара текеміз

  • 0
  • 0

Қара теке бiздегi,
Жан тынышын iздедi.
Қартайған соң, əл кетiп,
Балаларды сүзбедi.

Толық

Қордай батыр

  • 0
  • 0

Алысып елдiң жауымен,
Шабысып жердiң дауымен,
Атағы қалған тарихта,
Атақты Қордай тауымен.

Толық

Ұмытшақ

  • 0
  • 0

Ұмытшақ Жүсiп түс көрдi,
Түсiнде қызық iс көрдi.
Жалғыз өзi
Түсiнде,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар